Атырау, 27 желтоқсан 00:21
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Астаналық үшемнің ата-аналары бір баласын балалар үйіне өткізуге мәжбүр

2 130 просмотра

Елордалық Мейірмановтар отбасы бес айлық үшемдерінің бірін балалар үйіне өткізуге мәжбүр. Өйткені, олар жалдап тұрып жатқан пәтер сыз болғандықтан, сәбидің денсаулығы сыр берген.
Амалы таусылған ата-ана баланы аман алып қалудың бұдан басқа жолын көрмей отырғандарын айтады. Үшемдердің жағдайын тілшіміз Әсем Қабылбек біліп қайтты.

Айгүл 5 айлық қыздары  Дәрия, Ғалия және Мәрияның тыныс жолдарын жиі тазалап тұруға мәжбүр. Дымқыл тартып тұрған тар бөлменің иісі нәрестелер тұрмақ, үлкендердің де қолқасын қабады. Ал, шала туылған үшемнің бірі Дәрияға екі рет ота жасалыпты. Оған ерекше күтім қажет.

Айгүл Тоқсанбаева, үшемнің анасы:

- Дәриям енді тамақты енді онша іше алмайды, жылайды. Ауырсынады, білмеймін. Операция жақсы жасалған сияқты еді.

6 баланың әкесі Бақберген ел қатарлы еңбек етіп, нәпақа тапқысы-ақ келеді. Әзірге ондай мүмкіндік жоқ. Себебі, жары екеуі күні-түні кезектесіп, бала бағудан қолы тимейді. Жағдайы болмағандықтан, қос ұлын қайын жұртына жіберген. 15 шаршы метрлік қуықтай бөлмені паналайтын отағасының баспана сұрап, бармаған жері қалмапты. Бірақ, одан қайыр болмай тұр.

Бақберген Мейірманов, үшемнің әкесі:

- Кезек ол қашан келеді?12838-шімін, кезектемін. Ол кезек меніңше, жақын арада бола қоймайды. 50 жылдай кетеді, 60 жыл кетеді, сондай уақытқа созылады.

Үшемнің анасы ыстық ауқат әзірлеп, ішпегелі біраз уақыт болғанын айтады. Тар баспанада ас дайындаса, бөлме буланып кетеді деп қорқады.

Айгүл Тоқсанбаева, үшемнің анасы:

- Жылаған кезде аяйсың да, баға алмай жатырсың өзің. Үшеуі үш жақтан жылап жатыр. Ең болмаса, Дәрияны ойладым, дәрігері бар, қарайды ғой. 1 жасқа дейін осы қызды оларға берсем, аман қалады, ал маған келсе, өліп қалуы мүмкін.

Қазір Мейірмановтар отбасы сәбилерге ай сайын берілетін 40 мың теңге мөлшеріндегі жөргекпұлмен күн көреді. Оның 30 мыңы жалдамалы пәтерге төленеді. Ал, үй сұрап жазған хаттарына жауап жоқ. Ендігі үміт көмек қолын берер мейірімді жандарда.

Дереккөз: 1tv.kz
4 сәуір 2013, 15:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.