Атырау, 2 қазан 15:25
 ашықВ Атырау +16
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

"Алаңдауға негіз жоқ": Скляр Алматының сейсмологиялық қауіпсіздігі туралы айтты

1 069 просмотра

Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр алматылықтардың сейсмологиялық қауіпсіздікке алаңдауына негіз жоқ екенін мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін сенатта өткен парламенттік тыңдаулар кезінде депутат Сергей Ершов үкімет басшысының орынбасарынан соңғы кезде алматылықтарды қатты алаңдатып жүрген мәселені сұрады.

"Бізде сейсмология жағынан қауіпті Алматы деген аймақ бар. Ол жақтағы сейсмологиялық қауіпсіздікке қандай баға бересіз? Сосын Түркиядағыдай трагедияға жол бермеу үшін қандай шаралар атқарылып жатыр?", - деді Ершов.

Склярдың айтуынша, Алматыда құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институты бар. Бұл мекеме бұрыннан бері сейсмикалық аймақта құрылыс жұмыстарын қадағалап келеді.

"Олардың сараптамасы бойынша барлық нысан құрылыс талаптарына сай салынған. Қазір алаңдауға ешқандай негіз жоқ деп ойлаймын. Тиісті лауазымды тұлғалар құжатқа қол қойғанда өз жұмысына жауап беріп отыр", - деді Скляр.

17 ақпан 2023, 17:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.