Алтай Күлгінов. Фото bolashak.kz сайтынан алынды.Астана. 4 сәуір. Baq.kz - Орал қаласының әкімі болып Алтай Күлгінов тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті Болат Шакимов атқарып келген болатын деп жазады "Уральская неделя".
Жаңа әкімнің кандидатурасын қалалық мәслихат сессиясында БҚО әкімі Нұрлан Ноғаев ұсынған болатын. Депутаттар болса Күлгіновты бірауыздан қолдады.
Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Валентина Юртаеваның айтуынша, Шакимов жұмыстан өз арызы бойынша босатылған. Ал, Алтай Күлгінов бұған дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып келді.
Айта кетейік, А.Күлгінов "Болашақ" бағдарламасымен білім алған алғашқы түлектердің бірі.
Дереккөз: baq.kz