Атырау, 11 қазан 06:37
 ашықВ Атырау +13
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Қазақстанда тұрғын үйлердің 65 пайызы Еуропаға қарағанда энергияны 2-3 есе көп пайдаланады

1 857 просмотра
АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақстанда тұрғын үй ғимараттарының шамамен 65 пайызы Еуропаға қарағанда энергияны 2-3 есе көп пайдаланады.

 Бұл туралы бүгін Астанада «Энергоаудит және энергоменеджмент - еліміздің энергетикалық тұрақты дамуының бөлігі» атты ғылыми-практикалық конференцияда БҰҰ Даму Бағдарламасы жобасының менеджері Баян Әбілқайырова  мәлім етті.

«Еліміздегі тұрғын үй ғимараттарының 65 пайызы Еуропаға қарағанда энергияны 2-3 есе көп пайдаланады. Ал қазіргі таңда Қазақстандағы тұрғын үй қоры 271 млн. шаршыметрді құрап отыр»,- деді БҰҰ ДБ менеджері.

 Оның айтуына қарағанда, БҰҰ Даму Бағдарламасы энергетикалық тиімділік нарығында бірқатар жылдар бойы қызмет етіп келеді. Ондағы мақсат мемлекеттерге техникалық қолдау көрсетіп, алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибелерді кеңінен тарату болып табылады. Бұл ретте орнықты энергетикалық даму бойынша БҰҰ тарапынан Қазақстан мемлекеттік органдарына бірқатар ұсыныстар жасалған.
Оның ішінде БҰҰ ДБ құрылыс салу барысында энергетикалық тиімділікті бақылауды жүргізіп, оны күшейтуді ұсынады. 

Бұдан өзге, энергия тұтынумен жасыл маркалау қолдану және энергетикалық тиімділік пен экологиялық таза материалдарды есепке ала отырып салынатын жасыл тұрғын үй туралы ұсыныстар да баршылық.

Дереккөз: inform.kz

 

4 сәуір 2013, 14:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.