Атырау, 2 қазан 15:20
 ашықВ Атырау +16
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Челахтың ісі толығымен қаралған, оның не айтқысы келетінін білмеймін – ҰҚК бастығының орынбасары

1 178 просмотра
Владислав Челахтың ісі толығымен қаралған, дейді Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасының орынбасары - шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бұл жерде түсініктеме берудің өзі артық. Бұл оқиға болған жылы қылмыстық іс қозғалды, сол жерде толығымен қаралды. Мен оның енді не туралы айтқысы келетінін білмеймін. Қылмыстық іс жалғасуда, тергеу толық көлемде жүргізіліп, нәтижелері аяқталып қойған. Ал егер мәлімдемелер болса, істің қалай жүргізілетініне қарай көрейік. Оның не айтатынын әзірге түсінбеймін", - деді Алдажұманов бейсенбіде өткен сенат отырысында.

Еске салайық, 2012 жылы "Арқанкерген" шекара заставасында 15 адамды өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Владислав Челах 2022 жылдың желтоқсанында бас прокуратураға өзінің кінәсіздігі туралы арызбен жүгінгені белгілі болған.

2012 жылдың желтоқсанында сот Челахты бірнеше бап бойынша, соның ішінде жаппай кісі өлтіру, жеке заттарын, қару-жарақ пен құпия құжаттарды ұрлау және қызметінен жалтару бойынша айыптаған. Процесс барысында және одан кейін әскерге шақырылған сарбаздың өзі айыптаған істі жалғыз өзі орындауы мүмкін емес деген пікірлер айтылған.

Соған қарамастан Қазақстан әскери сотының апелляциялық және кассациялық алқалары бірінші инстанцияның үкімін өзгеріссіз қалдырды. Сотталушы Қазақстан президентіне кешірім жасауды өтінген. 2014 жылдың 4 ақпанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасы да үкімді өзгеріссіз қалдырды.

16 ақпан 2023, 12:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.