Атырау, 3 сәуір 12:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 472.31
€ 543.72
₽ 5.86

Elbasy.kz​ сайты атауын өзгертті

1 263 рет қаралды

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты Elbasy.kz домендік атауын Nazarbayev.kz деп өзгертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Енді мекенжай жолағына Elbasy.kz деп терсе, пайдаланушы автоматты түрде Nazarbayev.kz сайтына бағытталады.

Сайт та өзгерген. Бұрын "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты" деп жазылса, енді одан "Елбасы" сөзі алып тасталған.

Еске салайық, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойған болатын.

16 ақпан 2023, 11:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.