Атырау, 23 қараша 05:28
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Барак Обама жалақысының 5%-ын бюджетке қайтарады

1 506 просмотра

Фото: Global Look PressФото: Global Look PressАҚШ президенті бюджеттік шығындарды азайту шаралары аясында жалақысының 5 пайызын ел бюджетіне қайтаруға шешім қабылдады. Бұл туралы Trend.az агенттігі AFP-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Қазіргі уақытта Обаманың жалақысы жылына 400 мың долларды құрайды, оның көлемі заңмен бекітіледі және ол өзгеруі мүмкін. АҚШ президенті басқа да мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысы қысқарған соң оларды қолдау мақсатында осындай қадамға барыпты. 

АҚШ-та биылғы жылдың 1 наурызынан бастап шығыстарды азайту шаралары қолға алынды. Ағымдағы қаржылық жыл аяқталғанға дейін (биылғы қаржылық жыл 30 қыркүйекте аяқталады- агенттік) федералды бюджет шығындарын 85 млрд долларға дейін азайту көзделіп отыр.

Дереккөз: bnews.kz

4 сәуір 2013, 13:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.