Атырау, 2 қазан 15:21
 ашықВ Атырау +16
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Қазақстанда тағы бір мереке пайда болады

873 просмотра
Қазақстанда тағы бір кәсіби мереке – Мемлекеттік қызметтер саласындағы қызметкерлер күні пайда болады. Жаңа мейрам жыл сайын 15 сәуірде аталып өтеді. Тиісті үкімет қаулысының жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі "Мемлекеттік қызметтер саласындағы қызметкерлер күні – 15 сәуір" деген тармақпен толықтырылсын", – делінген жазбада. 

Қаулыда мемлекеттік қызметтер саласындағы қызметкерлердің еңбек ұжымы республика бойынша шалғай аудандарды қоса алғанда, облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда жұмыс істейтіні жазылған. Қызметкерлердің жалпы саны 20 мыңнан астам адамды құрайды.

"Алайда бүгінгі күні мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесін атап өту мүмкіндігі жоқ және осындай мереке болмағандықтан, бірыңғай кәсіби қоғамдастық саласының бөлшегі екенін сезінбейді", – делінген жазбада.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласында кәсіби мерекелерді атап өтуге қатысты халықаралық тәжірибе де зерделенген.

Қаулы жобасы 1 наурызға дейін қоғам талқысына шығарылды.

15 ақпан 2023, 13:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.