Атырау, 26 желтоқсан 15:01
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

КХДР ядролық қаруларын «оқтап» жатыр

1 393 просмотра

КНДР шығыс жағалауына орташа қашықтыққа ұшырылатын «Мусудан» зымырандарын жеткізіп жатыр, деп хабарлайды Lenta.ru Оңтүстік Кореядағы ресми БАҚ-қа сілтеме жасап.

«Зымырандар теориялық негізде ядролық заряд тасымалдау қабілетіне ие», - делінген хабарламада.  

«Мусудан» орналасқан жерінен Оңтүстік Корея, Жапония мен Гуам аралына бағытталуы мүмкін. «Мусудан» типтес баллистикалық зымырандардың орташа ұшу ұзақтығы шамамен 3-4 мың шақырымды құрайды.

Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың барлау қызметтері КХДР-дің өз аумағының шығыс жағалауына ұшу ұзақтығы орташа баллистикалық зымырандарға ұқсас нысандар жеткізіп жатқандығын анықтаған, деп жазады «Ренхал» оңтүстіккорейлік ақпарат агенттігі.

Агенттіктің Корей Республикасы үкіметіндегі дерек көзіне сілтеме жасап хабарлағанындай, зымыранда ол жерге пойыз арқылы жеткізілген. Қазір америкалық және оңтүсітккореялық арнайы қызметтер нысанның қозғалу бағытын жіті қадағалап отыр. Мамандар аталған зымырандардың қарсыластарын қорқыту үшін арнайы жеткізілген «ойыншық» болу мүмкін дегенді де жоққа шығармайды.

Дереккөз: bnews.kz

4 сәуір 2013, 13:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.