Атырау, 2 қазан 15:33
 ашықВ Атырау +16
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Петропавлдағы шабуыл: мектеп оқушысы 2 айға қамауға алынды 10

735 просмотра

Петропавлдағы мектепте шабуыл жасаған оқушы екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"2023 жылғы 15 ақпанда Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу соты кәмелетке толмағанға қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - деді Петропавл мамандандырылған тергеу сотының баспасөз қызметі өкілдері.

Ресми деректерге сәйкес, соталды тергеп-тексерудің басқа деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Еске салайық, бүгін Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ әкеліп, үш баланы жарақаттағаны хабарланған болатын.

Оқиға таңертең №4 мектепте болған. Қала әкімдігінің мәліметінше, екі бала балалар ауруханасында жатыр. Үшінші балаға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілген.

15 ақпан 2023, 09:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.