Атырау, 2 қазан 15:27
 ашықВ Атырау +16
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Алматы маңында жер сілкінісі болды

773 просмотра

Алматы облысында жер сілкінді Жер асты дүмпуі сағат 16:35-те тіркелді. Эпицентрі Түрген ауылынан 15 шақырым жерде.Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8.8. Магнитудасы 4.2. Ошақ 25 шақырым тереңдікте жатыр, деп хабарлады Sputnik.

Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінген аумақтағы жағдайды анықтап жатыр. Қираған ғимараттар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Алматы облысының ТЖД жер сілкінісі кезінде не істеу керектігін еске салды:

15 -20 секундта ғимараттан шығып үлгеріңіз;

жоғарғы қабаттарда тұратын болсаңыз, онда кіреберіс есікті паналаңыз немесе
балаларды құшақтап, қабырғасы қалың үй бұрышына тұрыңыз;

қандай қауіп төнсе де, терезелердің жанында тұрмаңыз және балконнан секіруші болмаңыз;

ғимараттардан, құрылыстардан, тіректерден және қоршаулардан аулақ болыңыз;

үйге кірмеңіз, өйткені жер дүмпуі қайталануы мүмкін;

лифт пайдаланбаңыз;

сіріңке, шам жағуға болмайды;

электр сымдарына қол тигізбеңіз;

зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетіңіз.

14 ақпан 2023, 17:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.