Атырау, 2 қазан 15:22
 ашықВ Атырау +16
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Польшадан қаржы пирамидасы жетекшілерінің бірі экстрадицияланды - Бас прокуратура

736 просмотра
  • Польшаның Әділет министрлігі трансұлттық ұйымдасқан топ құрамында «QI Trade Kazakhstan» қаржы пирамидасын басқарғаны үшін іздеуде жүрген күдіктіні экстрадициялады. Бұл туралы ҚазАқпарат Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
  • Ол «2018-2020 жылдары қаржы пирамидасы жетекшілерінің бірі бола тұра, бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында мол
    пайыздық табыспен қызықтырып, азаматтардың ақшалай салымдарын жалған жобаларға тартудың қылмыстық схемасын ұйымдастырған» деген күдікке ілінген.

    Ұйымдасқан топ мүшелерінің қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен 1 345 жәбірленушіге 6,3 млрд теңгеден астам шығын келтірілген.

    Қылмыс жасағаннан кейін К. есімді күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.

    Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады. Ол Астанадағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмысы үшін 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

    Айта кету керек, Польша алғаш рет іздеуде жүрген адамды Қазақстанға экстрадициялады, бұл біздің елімізде жүргізіліп жатқан реформаларға, оның ішінде қылмыстық-құқықтық салаға деген сенімнің артқанын көрсетеді.

  • 14 ақпан 2023, 12:25

    Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

    Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.