Атырау, 2 қазан 17:34
 ашықВ Атырау +13
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Қазақстанға қосалқы бөлшек ретінде әкелінген оң рөлді автокөліктер заңдастырылатын болды

1 085 просмотра

Елімізде шетелдік көліктерді заңдастыру жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Тіпті қазіргі уақытта қосалқы бөлшек түрінде жеткізілген автокөліктерді де тіркеудің құқықтық тетіктері әзірленген, деп хабарлайды Экспресс К

Ішкі істер министрлігі заңдастыру жұмыстары басталғаннан бергі 20 күннің қорытындысын жариялады. Polisia.kz медиа-порталындағы дерекке сүйенсек, қазіргі уақытта 27 мыңға жуық көлік құралы тіркелген. Тағы 65 мыңнан астам автокөлік алдын ала тексеруден өтіп, нөмірлік агрегаттарды салыстыруға және одан әрі тіркеуге жіберілді.

Сондай-ақ, ведомствада тізгіні оң жақта орналасқан, әрі ел аумағына қосалқы бөлшектер түрінде әкелініп, кейіннен Қазақстан азаматтарына сатылған көліктерді де заңдастыру мәселесі оң жолға қойылғанын хабарлады. Яғни, аталған көліктер бойынша Ішкі істер министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, оларды Қазақстан Республикасында бастапқы тіркеудің құқықтық тетіктерін әзірлеген. Қазір заңмен ресімдеу жұмыстары жүргізілуде.

14 ақпан 2023, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.