Атырау, 2 қазан 17:31
 ашықВ Атырау +13
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Алматы-Ташкент тас жолында 500-ден астам адам кептелісте қалды

697 просмотра

Алматы-Ташкент тас жолында елу жолаушылар автобусы, жеңіл және жүк көліктерінен тұратын алып кептеліс қалыптасты. Қарлы боран мен нашар көрініс салдарынан бірден төрт жол учаскесі жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК мәліметінше, адамдарды топ-топпен жақын маңдағы жылу пунктеріне жеткізіп, кейін пойызбен Тараз мен Шымкентке жөнелткен.

"Қар басуы, қарлы боран жолда жүруге ешқандай мүмкіндік бермеді. Қар үйінділерінен 189-ға жуық адам эвакуацияланды. Оның 14-і - балалар. Медицина қызметкерлері 25 адамға көмек көрсетті. Бұл жағдайда зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ", деді Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Руслан Шариев.

Бұған дейін Павлодар облысында ауа райының қолайсыздығынан 170 автокөлік кептелісі қалыптасқан еді.


14 ақпан 2023, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.