Атырау, 2 қазан 17:35
 ашықВ Атырау +13
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Қаңтардағы ҰБТ-да қанша талапкер ереже бұзғаны анықталды

989 просмотра

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев қаңтарда ҰБТ тапсыру құқығынан айырылған мектеп түлектерінің теріс қылықтары туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Руслан Емелбаевтың айтуынша, ҰБТ-ға тыйым салынған заттарды алып кіру әрекеттері азайған.

"Қаңтарда осындай заңбұзушылыққа жол берген 160 өтініш берушінің нәтижесі жойылды. 62 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 98 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Өзге тұлғалар анықталған жоқ.
ҰБТ "1 компьютер - 2 камера - 1 тест тапсырушы" қағидасы бойынша өткізілді.
Өткен жылы алдыңғы камера енгізілді. Ең маңызды міндет - сәйкестендіру", - деді Руслан Емелбаев.

13 ақпан 2023, 14:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.