Атырау, 2 қазан 17:32
 ашықВ Атырау +13
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Петропавлда тоғызыншы сынып оқушысы үш оқушыны жаралаған

736 просмотра

Петропавлда No4 орта мектепте төтенше жағдай орын алды. 9-сынып оқушысы сыныпқа балта мен пышақ алып келіп, үш баланы жарақаттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға орнында редакция тілшісіне хабарлағандай, бала 15 жаста. Оның депрессия диагнозымен психиатриялық есепте тұрғаны белгілі.

"Ол оқуды қараша айында ғана бастады (2022 ж. – ред. ескерт.). Осы уақыт бойы емделді. Бұл диагнозбен жалпы білім беретін мектепте оқуға рұқсат берілген. Ол анасымен жалғыз тұрады. Отбасы толық емес", - деді куәгер.

Оқу меңгерушісінің айтуынша, тоғызыншы сынып оқушысы мүмкіндігіне қарай оқыған.

"Ол өзін сабырлы және салқын ұстады. Барлығы кіріп келгенде де, өзін жайбарақат ұстады. Бала ас үйдегі  пышақ пен балта жатқан мына сөмкемені қобалжымай алып жүрген", - деді ол.

Бұған дейін Петропавлда 9-сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ әкеліп, соның салдарынан үш бала зардап шеккені хабарланған болатын.

Қазір екі бала облыстық балалар ауруханасында жатыр. Олар басынан және иығынан жарақат алған. Үшінші балаға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді.

13 ақпан 2023, 12:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.