Атырау, 2 қазан 17:32
 ашықВ Атырау +13
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Үкімет Ресеймен шекарада электр ағындарының ауытқуын бәсеңдететін модельді іске қоспақшы

795 просмотра

Үкімет Ресеймен шекарада электр ағындарының ауытқуын бәсеңдететін модельді іске қоспақшы. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Сенат депутаттарының сауалына жолдаған жауабында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінде электр энергиясы нарығында энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың екі түрі жұмыс істейді – реттелейтін және реттелмейтін. Реттелетін жабдықтаушы ұйымдардың халыққа (жеке тұлғаларға) арналған тарифінің қымбаттауына жол бермеу үшін электр қуатының бағасы орташа бағадан төмен деңгейде белгіленеді. Ал осыдан туындаған айырмашылық тұтынушылардың санатына (жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және бюджеттік ұйымдар) қарай сараланған тариф белгілеу арқылы өтеледі. Бәсекелестік қорғау және дамыту агенттігі осы мәселені реттеу үшін сараланған тарифті кезең-кезеңмен қолданыстан шығару жұмыстарын жүргізіп келеді», - деп жазады Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы электрмен жабдықтаудың жаңа моделі қолға алынған еске салады.

«Оның үстіне Үкімет Парламентке «Жылу және электр энергетикасы мәселелері жөніндегі ҚР заңнамалық актілеріне бірқатар өзгертулер мен түезтулер енгізу туралы» Заң жобасын енгізді. Бұл құжат электр энергетикасы саласын реформалап, нарықты орталықтандырылған сатып алу-сату моделіне көшіруге бағытталған. Модель электр энергиясын сатуда және сатып алуда алыпсатарлықтың жолы кесіп, тиімсіз делдалдарды жояды. Сондай-ақ, Ресеймен шекарада электр ағындарының ауытқуын бәсеңдетеді», - делінген жауапта.

13 ақпан 2023, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.