Атырау, 2 қазан 17:30
 ашықВ Атырау +13
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Экс-министр Біртанов пен орынбасары мемлекетке 1,5 млрд теңге төлейтін болды

1 284 просмотра

Астана қаласы Сарыарқа аудандық №2 соты бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен вице-министр болған Олжас Әбішевтің апелляциялық шағымын қанағаттандырған жоқ, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұған дейін судья Ибрагим Әлкенов Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевті сот залынан босатқан. Өйткені, Біртанов өзіне тағылған бірінші айып бойынша, яғни, санитарлық авиация ұшағын заңсыз пайдаланды деген айыптан толық ақталып шықса, ҚР Қылмыстық кодексінің 361 бабы, 4 тармағы (билігін асыра пайдалану) бойынша Біртанов та, Әбішев те ақтала алмады. Бұл қылмыстары үшін Біртанов шартты түрде бес жылға, Әбішев төрт жылға сотталып отыр.

Сонымен қатар, сот Біртанов пен оның орынбасарынан мемлекет пайдасына 1,5 млрд теңге, санитарлық авиация бортын пайдаланғаны үшін Біртановтың өзінен жеке 5,5 млн теңге өндіріп алуды талап еткен болатын.

Біртанов бұл үкіммен келіспей, сотқа апелляциятүсірген болатын. Алайда, бүгін, 10 ақпан күні сот оның апелляциясын қанағаттандырған жоқ.

10 ақпан 2023, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.