Атырау, 2 қазан 17:30
 ашықВ Атырау +13
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

СІМ Түркияда мерт болған қазақстандықтың денесін әкелуге көмектеседі

1 005 просмотра

СІМ Түркияда мерт болған қазақстандықтың денесін әкелуге көмектеседі, деп мәлімдеді министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров.

«9 ақпан күні таңертең іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасын тапты және соның барысында түрік азаматының мәйіті табылды. Оны туыстары Кубилай Кескин деп таныған. Сонымен қатар ҚР азаматы Қадырбеков Әділдің мәйіті табылды.

СІМ марқұмның мәйітін отанына әкелуге барынша көмек көрсететін болады. Біздің құтқарушылар түрік әріптестерімен бірге Мирболат Құрмашевті іздестіруді жалғастырады», - деді Смадияров бейсенбі күні.

Белгілі болғандай, 8 ақпан күні кешкісін Хатай провинциясындағы Антакья қаласында іздестіру-құтқару жұмыстары барысында Түрік азаматы тірі күйінде табылған еді. Оны басында сыртқы түр-әлпетіне қарап Кубилай Кескин деп таныған. Алайда кейін туыстары ол ақпаратты теріске шығарды.

Бұған дейін Түркияда үйінділер астынан қазақстандықтың мәйіті табылғаны хабарланған еді.

10 ақпан 2023, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.