Атырау, 2 қазан 17:32
 ашықВ Атырау +13
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Ұлттық банк мемлекеттік бағдарламаларға қатысуды қысқартады

1 016 просмотра

Базалық мөлшерлеменің төмендеуі несие мөлшерлемесінің төмендеуіне әкелмеуі мүмкін. ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында осындай болжам айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлттық банк сауалда ұсынылған құрылымдық қайта құрулардың қажеттілігі туралы ұстаныммен келіседі және өз тарапынан мынадай мәселелердің маңыздылығын атап өтеді: импортқа тәуелділікті төмендету, мемлекеттің экономикаға қатысуын қысқарту, нарықтық қаржыландыру үлесін арттыру, фискалдық саясаттың теңгерімділігін арттыру және экономиканы қолдаудың мемлекеттік тетіктерін қайта қарау.

Бұл экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар Ұлттық банк жүргізетін ақша-кредит саясатының тиімділігін арттыра отырып, инфляцияны бақылауды айтарлықтай жақсартады. 2030 жылға дейінгі ақша-кредит саясатының стратегиясына сәйкес Үкіметпен бірлесіп аталған бағыттар бойынша шараларды жоспарлы іске асыру басталды», - деп жазады Ғалымжан Пірматов.

Сондай-ақ ол Ұлттық банк экономиканы кредиттеуге мемлекеттің қатысу үлесін төмендету үшін мемлекеттік бағдарламалардан шығу процесін жалғастыруда. Бұл экономиканы қолдау шараларына одан әрі қатысу оның міндеттеріне қайшы келетіндігіне және баға тұрақтылығын қамтамасыз етудің елеулі тәуекелдеріне алып келетіндігіне байланысты маңызды. 2021 жылы 7 бағдарламаның 5-ін қаржыландыру тоқтатылды. Аяқталған бағдарламалардың бюджеті 2,6 трлн теңге болды», - делінген жауапта.

10 ақпан 2023, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.