Атырау, 26 сәуір 22:35
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Ресеймен шекарада 4 шетелдік ұсталды – ҰҚК

1 087 просмотра

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Ақтөбе облысында мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтті деген күдікпен 4 шетел азаматын ұстады, деп хабарлайды sputnik.kz.

Бұл жағдай 4 ақпанда болған.

"Олар 2023 жылдың қаңтарында Өзбекстаннан заңды негізде Қазақстанға келіп, әрі қарай жұмыс істеу мақсатында Ресей Федерациясына өтуді жоспарлаған", - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Заң бұзушылар Ресейге кіруге шектеу болғандықтан, тәуліктің қараңғы уақытында жасырынуға арналған костюмдерді киіп, өткізу бекеттерінен тыс жерден шекараны кесіп өтуге әрекеттенген.

Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

9 ақпан 2023, 13:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.