Атырау, 20 сәуір 17:09
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қазақстанның қант импортына тәуелділігі өте жоғары - АШМ

784 просмотра

Отандық өніммен нарықтың 40%-ын ғана жауып отырмыз. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингіде АШМ Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаментінің директоры Қанат Жауымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • «Қазақстанның қант импортына тәуелділігі өте жоғары. Өзіміздің отандық өніммен нарықтың 40%-ын ғана жауып отырмыз. Ал егер шикізатты алатын болсақ, онда ішкі нарықтың тек 10%-ын қант қызылшасымен қамтамасыз етеміз. Демек, біздің нарықтың 60%-ы ипортқа тәуелді. Әрине, қант Қазақстанға Ресей мен Беарусьтан тасымалданады», - деді Қанат Жауымбаев.

    Департамент директорының мәлімдеуінше, биыл қант қызылшасын егуге арналған алқаптардың көлемі ұлғайтылған.

    «Биыл Үкімет қант өнеркәсібін дамыту бойынша кешенді жоспарды қабылдады. Ол 33 пунктіден тұрады. Бірақ, кейбір пунтілер бойынша әлі де талқылауды қажет ететін мәселелер бар. Десек те, кешенді жоспарды орындау бойынша қазіргі кезде нәтиже жоқ емес. Оның бірі – егіс алқаптарын ұлғайту. Мәселен, биыл қант қызылшасын егуге арналған жер көлемі 10,1 мың гектардан 16,1 мың гектарға кеңейтілді», - деп тоқталды департамент директоры.

    Қанат Жауымбаевтың айтуынша, елге ипортталатын қантқа салынатын қосымша құн салығының мөлшері төмендетілген. Сонымен қатар, аталған тауар түрін өндіретін зауыттарға берілетін субсидия көлемі артқан. Мәселен, бұған дейін қанттың 1 килограмына 15 теңге субсидия төленетін болса, биылдан бастап 25 теңге болды.

  • 9 ақпан 2023, 12:35

    Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

    Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.