Атырау, 22 наурыз 17:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +11
$ 462.36
€ 493.48
₽ 5.99

Түркияда үйінділер астынан Қазақстан азаматы аман-есен табылды

930 просмотра

Соңғы келіп түскен ақпарат бойынша, үйінділер астында тірі жатыр деген Сабина Мамадьярова құтқарылды. Ол
үйінді астынан құтқарушылармен тілдескен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сабинаға оқиға орнында медициналық алғашқы көмек көрсетілді. Одан кейін ол ауруханаға жіберілді. Оның қолы сынғаны белгілі.

Айта кетсек, Түркиядағы жер сілкінісі кезінде төрт қазақстандық жоғалып кеткені хабарланған болатын. Сондай-ақ жоғалған төртеудің бірінің туыстары волонтерлар көмегіне жүгініп, бүгін түнде Түркияға ұшып шыққан еді. Сабинаға қатысты мәліметті Хатай провинциясында жүрген сол топтың мүшесі Алмат Құрмашев жеткізді.

9 ақпан, 01:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.