Атырау, 25 қараша 14:23
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жыр болған тариф

1 653 просмотра

28 наурызда «Атырау Су Арнасының» мәжіліс залында кәсіпорынның 2012 жылғы жұмыстарына арналған есеп беру жиналысы өтті.

Мыңдаған адам еңбек ететін үлкен кәсіпорын бұрынғыша шығынды болып, көбінесе бюджеттің қолдауымен қызмет етіп тұр. 2012 жылы суды өткізу 15,5 млн текше метрді құрады. Суды өткізуден түскен қызметтің кірісі 972 млн теңгеден сәл астам, ал сумен қамту қызметі бойынша нақты шығындар 1 млрд теңгеден астам соманы құрады. Кәріздік қызметтен түскен табыс – 354 млн теңгеден астам, ал су бұру қызметі бойынша шығындар – 459 млн теңгеден астам соманы құраған. Жылу энергиясын қамту қызметі 3,5 млн теңге, ал шығындар 10 млн теңгедей соманы құрады. Шығындылық себебі: қолданыстағы тарифтің нақты шығындарға сәйкес келмеуі туралы басшылықтың пікірі әлденеше рет айтылды. Өткен жылы бекітілген орташа тариф 55,66 теңге болғанда, қызметтің өзіндік құны 76,66 теңгені құрады. Тарифтің көтерілуіне қосымша енгізілген су құбырының және кәріздік жүйелер мен құрылғыларға қызмет көрсету шығындарының, Жоғарғы Садовая, Коммунарская, Құрманғазы көшелері бойынша жаңа магистральды су құбыры желілеріне ауыстыру шығындарының, сырттан арнайы техникаларды тарту, шикізат пен материалдар бағасының өсуі, электр энергиясы тарифтерінің көбеюі ықпал етті.

Кәсіпорынның инвестициялық бағдарламаны орындамауына келер болсақ, бұл бұрынғы басшылық кезінде болған еді. Ал қазіргі директоры бұған қатысты комментарий бермеді.

«АСА» директоры Андрей ТАШЛЫКОВ қызметтер үшін ақша түсімінің көбейгендігін атап өтті. 2012 жылы кәсіпорын 1 млрд 372 млн теңге жинаған, бұл 2011 жылға қарағанда 240 млн теңгеге көп. Бұл жаңа төлем қабылдау қосындарының ашылуы, селолық округтерде көшпелі кассалардың ұйымдастырылуы арқасында орын алып отыр. Су арнасындағылар өткен жылы сатып алған «крот» та әжептәуір рөл ойнады. Бұл құрылғы борышкерлердің пәтеріндегі кәріздік жүйелерді олардың өздері жоқ болса да жауып тастайды.

Тесік құбырлар жүйесіндегі судың далаға ағып жатқанын да жоятын болса, шығындарды қаншалықты төмендетуге (және тиісінше, кірісті көбейтуге) болатынын елестетіп көріңізші? Ал сіздер тарифтер... дейсіздер.

Зульфия ИСКАЛИЕВА     

4 сәуір 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.