Атырау, 26 сәуір 22:58
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Әкімдіктердің тиімді жұмысын көріп отырғанымыз жоқ - Смайылов

1 171 просмотра

ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов әкімдіктердің инфляцияны тежеудегі жұмысын сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Біздің міндетіміз – 2023 жылдың қорытындысы бойынша инфляцияның деңгейін 10 пайыздан асырмау. Бұған қолжеткізуге әбден болады. Тек бұл үшін барлық өңірдің азық-түлік бағасын тұрақтандыру, әсіресе, маусымаралық кезеңде бағаны ұстап тұру бойынша белсенді жұмысы қажет.
Сіздерде қажетті құралдардың бәрі бар. Біз былтырға егіннен қажетті қор жинақтап алдық. Сондықтан, белгіленген бағамен көкөніс өнімдерінен тапшылық болмауы тиіс еді. Әкімдіктерге бағаны ұстау үшін қажетті тетіктердің барлығын бердік. Қаржы да бөлінді. Бірақ баға бәрібір өсіп жатыр. Әкімдіктердің тиімді жұмысын көріп отырғанымыз жоқ", - деді Смайылов.

Премьер-министрдің айтыунша, жергілікті жерлерде аталған мәселеге салғырт қараудың салдарынан бағаның өсуі тоқтамай тұр.

7 ақпан 2023, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.