Атырау, 22 желтоқсан 08:12
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Орталық сайлау комиссиясына қандай партиялар құжат тапсырды

1 353 рет қаралды

ОСК ұсынған ақпарат бойынша, 2023 жылғы 6 ақпандағы жағдай бойынша төрт саяси партия партиялық тізім бойынша ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттығына кандидаттар ұсыну туралы құжаттар тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтсақ:

  • "Қазақстан Халық партиясы" қоғамдық бірлестігі;
  • "Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігі;
  • "Жалпыұлттық социал-демократиялық партия" республикалық қоғамдық бірлестігі";
  • "Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы" қоғамдық бірлестігі.

21 қаңтарда ҚР ОСК басшысы Нұрлан Әбдіров Мәжіліс сайлауына жеті партияға қатысуға рұқсат берілгенін хабарлады:

  • "Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігі;
  • "Amanat" партиясы;
  • "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы;
  • "Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы" қоғамдық бірлестігі;
  • "Жалпыұлттық социал-демократиялық партия" республикалық қоғамдық бірлестігі";
  • "Қазақстан Халық партиясы" қоғамдық бірлестігі;
  • "Respublica" партиясы.

Мәжіліс сайлауы 2023 жылғы 19 наурыз күнге белгіленді.

7 ақпан 2023, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.