Атырау, 25 қараша 14:35
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ЖЭО: «Запорожецтен» «Мерседеске»

3 539 просмотра

Атырау ЖЭОАтырау ЖЭО2008-2012 жылдары Атырау ЖЭО-да электр энергиясын өндіру 20 пайызға көбейді. Осы кезеңдегі жылу энергиясын босату көлемі өзгерген жоқ. Бұл көптеген тұтынушылардың автономды жылытуға көшуіне және жылу жүйелері кәсіпорындарының жылуды жоғалтуды төмендету жөніндегі табысты шараларына байланысты, - деп хабарлады, 27 наурызда болған баспасөз конференциясында «АЖЭО» АҚ президенті Мұхамбетқали ҚАЛИЕВ.

Оның айтуынша, 2010-2012 жыл аралығына созылған жылу электр орталығын қайта жарақтаудың алғашқы 3 жылдық кезеңі алдында электр стансасының жалпы қуаттылығы 215 мегаватты (МВт) құраған. 2013 жылдың 1 қаңтарда ол 314 МВт-қа дейін жеткізілді. Ал қайта жарақтаудың екінші кезеңін жүзеге асырғаннан кейін (2013-2015 жылдары) 499 МВт құрады. Осы инвестициялық бағдарламаны жүзеге асырғаннан кейін ТМРАД 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЖЭО-на жылу энергиясының босату тарифін бір гигакалорияға 4905-тен 5015 теңгеге дейін көтеруге «келісім» берген. 

ЖЭО қуаттылығын 2,5 есеге дерлік көтерудің қажеті қанша? Осы сұраққа жауап ретінде М. Қалиев 2016 жылы Қазақстанда электр энергиясының нарығы құрылатынын, ЖЭО-ның артық энергиясы облыстан тысқары сатылатындығын хабарлады. Содан соң: «Облыста қуатты қозғалтқыш пайда болады. Қандай көлікті жүргізгіңіз келер еді – «Запорожецті» ме, әлде «Мерседесті» ме?», - деп қосып қойды. 

М.Қалиев қайта жарақтау жұмыстарының негізінен электр энергиясы аса көп тұтынылмайтын көктемнің аяғы мен күздің басында жүргізілетіндігін атап өтті. Бұл жұмыстар аяқталғаннан кейін электр стансасы сенімді болады, өйткені қызмет мерзімі таяу үш жылда бітетін екінші және үшінші кезектегі нысандар қайта жарақталады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

4 сәуір 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.