Атырау, 25 қараша 14:38
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Кіші Масляковқа қадам жасалды

1 626 просмотра

25 наурызда Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында бірнеше жыл үзілістен кейін жергілікті орыстілді көңілділер мен тапқырлар клубы командаларының фестивалі өтті. Фестиваль ұйымдастырушылары атап өткендей, бұл Атыраудан орыстілді ашық КВН лигасын құруға жасалған алғашқы қадам екен.

Осы кеште қатарынан атыраулық 7 команда - «Позитив», «2050», «Серьёзно», «Наши мужики», «Радуга», «XXL», «Братаны» өздерінің ұшқыр әзілдерімен бақтарын сынауға тырысты. Бұлар - жоғарғы оқу орындарының, мектептердің, сонымен қатар КВН әуесқойларының құрама командалары.

Жалпы қатысушылар аса бір керемет тапқырлық таныта қоймады. Арасында дөрекі әзілдер айтқандар болды, ал командалардың көпшілігі, неліктен екені белгісіз, орыстілді КВН лигасын құруды тілге тиек етті. «Позитив» пен «XXL» командалары әділқазылар мен көрермендердің көңілдерінен шыға білді.

Ойыннан кейін атыраулық орыстілді ашық КВН лигасының редакторы Санжар ШАКМАНОВ:

– Бұл алғашқы ойын. Бәлкім, кей жерлерде кемшін тұстар болған шығар, бірақ біз жұмыстанатын боламыз. Алдымызда салмақты міндеттер тұр: орыстілді КВН командасын жинап, Атырауда мамыр айында өтетін жастар шығармашылығының үлкен фестивалінде лайықты өнер көрсетуіміз керек. Бұдан басқа, 2014 жылдың наурызында Астанада өтетін Орта Азиялық лигада өнер көрсету үшін осы команданы дайындауды жоспарлап отырмыз. Бұл өте маңызды сәт. Өйткені жеңіске жеткен жағдайда, кіші Масляковтың Премьер-лигасына тура жол ашылады. Алда жұмыстар көп, біз оны бастап та кеттік, - деп атап өтті.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

4 сәуір 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.