Атырау, 29 наурыз 19:12
 ашықВ Атырау +12
$ 455.00
€ 492.13
₽ 5.94

Тәжікстанда Youtube-ке тыйым салынды

2 310 просмотра

Тәжікістанның коммуникация мекемесі Youtube әлеуметтік желісіне кіруге тыйым салу туралы нұсқау берді, деп хабарлайда trtkazakh.com сайты.

Тәжікстан Интернет жеткізетін фирмалар одағының төрағасы Асомиддин Атоев Тәжікстан Коммуникация мекемесінің Youtube әлеуметтік желісіне кіру шектелді деп отыр. 
А.Атоев техникалық жолмен желіге кіруге жасалған тыйымның қашан аяқталатынын білмейтінін атап көрсетті.
Мамандар тыйымға себеп ретінде сайтта елдің әкімшілігін сынайтын кейбір бейне көріністердің жариялануын көрсетіп отыр.
Тәжікстан Коммуникация мекемесі өткен жылы да әлеуметтік желі Facebook-те үкіметті сынаған мақалалар жарияланған кейбір парақшаларына бола бірнеше мәрте тыйым салған еді, алайда Америка Құрама Штаттары және Еуроодақтың наразылығына шектеуді алып тастаған.

Дереккөз: bnews.kz

3 сәуір 2013, 18:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.