Атырау, 8 мамыр 08:07
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +14
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Түркістан облысында су тасқыны қаупі жоғары болып тұр

1 479 просмотра

Түркістан облысында бес елдімекенде, атап айтқанда Бәйдібек ауданында Шаян мен Шақпақ, Сауран ауданында Шаға, Созақ ауданының Шолаққорған ауылдарында және Арыс қаласында  су бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

3 ақпандағы таңғы сағат 8.00-дегі ақпарат бойынша еріген қар және жаңбыр суының мол түсуіне байланысты Арыс қаласы арқылы өтетін Қабылсай каналы толып жатыр.  

Төтенше жағдай министрлігінің бөлімшелері түні бойы су сору және инертті материалы бар қапшықтарды төсеу жұмыстарын жалғастырды.

 «Қазгидромет» РМК деректері бойынша бүгін облыстың көп бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, сондай-ақ температуралық фон жоғарылауы, қар жылдам еруі, көлбеу ағын пайда болуы, мұз қабаттары жұқаруы және өзендердегі су деңгейі көтерілуі мүмкін.

Құтқарушылар үйлер су объектісінің жанында салынғандықтан, су тасқыны қаупі жоғары болып тұрғанын мәлімдеді.

Айта кетсек, құтару жұмыстарына жүргізуге ТЖМ, жергілікті атқарушы органдардың, Қорғаныс министрлігінің күштері мен құралдарынан 430-дан астам адам, 70-ке жуық бірлік техника, 43 мотопомпа жұмылдырылды.

«ТЖД күшімен Кентау қаласындағы Қарнақ ауылының, Сауран, Бәйдібек аудандарының су басқан аула аумағынан 204 адам, оның ішінде 111 бала эвакуацияланды, 201 ұсақ мал қауіпсіз жерге айдалды. Халықты эвакуациялау және уақытша орналастыру үшін жергілікті атқарушы органдар Сауран ауданында 4 эвакуациялау пунктін дайындады», - делінген ТЖМ хабарламасында.

Облыстық және республикалық жедел штабтар қызмет көрсетуде. Облыстық және республикалық жедел штабтар базасында «Жедел желі» телефоны ашылды.

3 ақпан 2023, 09:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.