Атырау, 22 наурыз 18:25
 ашықВ Атырау +10
$ 462.36
€ 493.48
₽ 5.99

Орталық сайлау комиссиясы 25 шетелдік байқаушыны аккредиттеді

775 просмотра

Орталық сайлау комиссиясы 19 наурызда өтетін кезектен тыс Мәжіліс сайлауына 25 шетелдік байқаушыны аккредиттеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі таңда Орталық сайлау комиссиясына Сыртқы істер министрлігінен бір шет мемлекеттен, 2 халықаралық ұйымнан 25 байқаушыны аккредиттеу ұсынылды. Оның ішінде Палестина мемлекетінен – 1, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясынан – 11, ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросынан – 13 байқаушы. Аккредитациядан өткізу үшін келіп түсуіне қарай байқаушылар жөніндегі деректер жаңарып отыратын болады», - деді ОСК хатшысы Мұхтар Ерман.

Оның атап өтуінше, еліміздің Сыртқы істер министрлігі сайлауды байқауға қатысу үшін халықаралық және парламентаралық ұйымдарға, Қазақстандағы дипломатиялық корпусқа тиісті шақырту жіберді.

«Екіжақты негізде ОСК 34 шет мемлекеттік орталық сайлау комиссиясына шақыру жіберген болатын», - деді ол.

Осыдан кейін Орталық сайлау комиссиясы 25 шетелдік байқаушыны аккредиттеу туралы қаулы қабылдады.

2 ақпан, 10:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.