Атырау, 2 қазан 21:34
 ашықВ Атырау +13
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Министр коммуналдық тариф қашан өсетінін айтты

911 просмотра

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жылу тарифі Екібастұз бен Риддерде айтарлықтай өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ол жылу тарифі бәрібір де көтерілетінін атап өтті. Бірақ әр өңірде әртүрлі өседі. Ең қымбат тариф Екібастұз бен Риддерде болады. Себебі екі қаланың жылу электр орталықтары, жылу желілері әбден тозған.

Осы орайда журналистер Екібастұз бен Риддер халқы үшін тариф қашан өзгеретінін сұрады.

"Біз тарифтердің қаншаға өсетінін келіскеннен кейін. Біз тұрғындарға ауыртпалық түсіргіміз келмейді. Сондықтан тарифтің өскенін олар сәуір айында сезінуі мүмкін. Яғни сәуірде олар наурыз айы үшін төлейді. Өйткені наурызда күн жылына бастайды, сәйкесінше жылуды аз тұтынады", - деді Қуантыров үкімет кулуарында.

31 қаңтар 2023, 13:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.