Атырау, 22 желтоқсан 06:42
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Азаматтығын ауыстырған балаларға Ұлттық қордан ақша бөлінбейді

1 132 рет қаралды

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров кулуарда 18 жасқа толмаған балалар азаматтығын ауыстырса, Ұлттық қордан қаражат алмайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ұлттық экономика министрінің айтуынша, жыл соңында Ұлттық қордың табыстылығы теріс болды. Мұндай жағдайда проблеманы болдырмау үшін 18 жылдағы орташа жылдық табыс алынады. Ал ол әрдайым оң болып келді.

"Балалардың 18 жасқа толған кезде алатын табысына салық салу жоспарланған жоқ. Егер бала азаматтығын ауыстырса, бұл қаражатты алмайды, басқа балаларға бөлінеді. Бұған дейін елімізде 6,5 миллион бала бар екенін айттым.  Бала шетелге кете алады, егер ол азаматтығын ауыстырмаса, онда ақшасы өзінде қалады. Сондай-ақ, егер ол 18 жаста әлі Қазақстан Республикасының азаматы болса, ақшаға ие бола алады" деді Әлібек Қуантыров

2022 жылғы 1 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызын балалар 18 жасқа толғанға дейін мерзімінен бұрын алу құқығынсыз арнайы жинақ шоттарына аударуды ұсынды.

31 қаңтар 2023, 12:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.