
Журналист Михаил Козачковты қамауда ұстау мерзімі 18 наурызға дейін ұзартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу органының өтініші бойынша қамауға алу мерзімі үш айға ұзартылды.
"30 қаңтарда сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтініші қанағаттандырылып, Козачковты қамауда ұстау мерзімін үш айға, яғни 2023 жылдың 18 наурызына дейін ұзарту туралы санкция берілді", – делінген сот хабарламасында.
Еске салайық, былтыр 18 желтоқсанда Михаил Козачковты Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Алматы қаласы мен Алматы облысында жеке кәсіпкерлердің мүлкін рейдерлік жолмен басып алды деген күдікпен ұйымдасқан топқа қатысты қылмыстық істі тергеу аясында ұстаған болатын.