Атырау, 24 сәуір 10:32
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Иранда зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ – СІМ

739 просмотра

Ирандағы жер сілкінісі мен жарылыстар кезінде зардап шеккен қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Өткен демалыс күндері Ирандағы әскери нысандарда бірнеше жойқын жарылыс болды. Бірнеше қалада әуе дабылы қағылды. Ал солтүстік-батыс жағында 5,8 балдық жер сілкінісі болды.
"Иран билігінің мәліметіне сәйкес, зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматы жоқ. Біздің елшілігімізге де ондай ақпарат түскен жоқ", - деді Смадияров бүгінгі брифингте.
Сондай-ақ министрліктің ресми өкілі Әзербайжанның Ирандағы елшілігіне жасалған қарулы шабуылдан кейін қауіпсіздік шараларын күшейтуге қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, бұл сериялық шабуылдар емес. Сондықтан Қазақстанның Ирандағы елшілігінің қауіпсіздік шараларын күшейтуге негіз жоқ.
30 қаңтар 2023, 13:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.