Атырау, 29 наурыз 02:28
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

БҚО университетінің профессоры әлемдегі ең беделді ғалымдардың тізіміне енді

802 просмотра

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-техникалық университетінің  профессоры, техника ғылымдарының докторы Сәрсенбек Монтаев «Әлемдегі ең беделді ғалымдардың 2%» (World’s Top 2% Scientists) рейтингіне енді, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Elsevier ғылыми баспасының соңғы мәліметтеріне сәйкес, әлемнің ең үздік ғалымдарын Стэнфорд университетінің сарапшылары құрастырды. Рейтинг негізіне бүкіл библиометриялық мәліметтері: ғалымдардың мансабындағы барлық және өткен жылдағы дәйексөздері алынады. 

Сәрсенбек Монтаев соңғы жылдары БҚАТУ-да жұмыс істеп жатыр, қазір университеттің Индустриалды-технологиялық институтын басқарады. Құрылыс материалдарын өндіруде жаңа технологияларды әзірлеуші, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің топырағының құрылымдық-механикалық қасиеттерін жақсарту жөніндегі жобаның басшысы болып табылады.

Профессор «Болашақ» бағдарламасы аясында Жапонияда «Нанотехнология» мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті.

Ғалымды әлемдік деңгейде мойындалғанымен құттықтаймыз және еңбегіне табыс тілейміз!

30 қаңтар 2023, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.