Атырау, 25 сәуір 17:02
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

«LV FORCE» қаржылық пирамидасының басшысы 5 жылға сотталды

663 просмотра

«LV FORCE» қаржылық пирамидасын құру және басқару бойынша азаматша Е.Е.Лишкоға қатысты сотқа дейінгі тергеуді ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті аяқтады, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі. 

"2018 жылдан бастап Лишко Е.Е. Степногорск қаласының аумағында жеке тұлғалардан түсетін қаражатты қайта бөлу арқылы ақша тартудан кіріс алу мақсатында «LV FORCE» компаниясын ұйымдастыру туралы шешім қабылдап, қаржылық пирамида қызметін ұйымдастырды.

Нәтижесінде осы пирамида жұмыс істеген кезеңде 5 822 жеке тұлға тартылып, келтірілген шығын көлемі 147 миллион теңгеден асады. Сот Е.Лишконы кінәлі деп танып, оған тыйым салынған мүлкі тәркіленіп, бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды" - делінген хабарламада.

30 қаңтар 2023, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.