Атырау, 18 сәуір 20:40
 ашықВ Атырау +18
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Канаданың тау-кен секторындағы компаниялар Қазақстан нарығына қызығушылық танытып отыр

852 просмотра

Қазақстанның Канададағы Елшісі Ақылбек Камалдинов және «Kazakh Invest» АҚ-ның Солтүстік Америка бойынша өкілі Ғалымжан Матаев Ванкувердегі жыл сайынғы «AME BC Roundup-2023» халықаралық тау-кен конференциясы-көрмесінің жұмысына қатысты. Конференция жыл сайын әлемнің 50 елінен 5 мыңға жуық қатысушыны қабылдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара аясында қазақстандық делегация елімізбен іскерлік ынтымақтастықты дамыту мүмкіндігін қарастыратын Канаданың тау-кен секторының ірі және кіші компанияларымен бірқатар кездесулер өткізді.

Компания басшылары Қазақстанда жер қойнауын пайдалану және геологиялық ізденістер саласында жүргізіліп жатқан жұмысы туралы ақпаратты оң қабылдап, қазақстандық нарыққа кіру бойынша нақты жобалар мен жоспарларды талқылауға дайын екендігін білдірді.

Қазақстан өкілдері Канада-Еуразия сауда палатасы ұйымдастырған Орталық Азия, Түркия және Моңғолия елдерінің тау-кен саласының инвестициялық мүмкіншіліктеріне арналған «Mining in a transitional world: trends and opportunities in Eurasia» сессиясының конференциясында сөз сөйледі.

Елші өз сөзінде қатысушыларды Қазақстандағы экономикалық реформалардың іске асырылу барысы туралы, сондай-ақ еліміздегі іскерлік ортаны одан әрі жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті. Өз презентацияларында Елшілік пен «Kazakh Invest» АҚ өкілдері Қазақстандағы табиғи ресурстардың, оның ішінде сирек кездесетін металдардың жаңа кен орындарының бар әлеуетіне ерекше назар аударды.

Сапар аясында қазақстандық делегация Британдық Колумбия провинциясының 30 компаниясының басшыларымен іскерлік кездесуге де қатысты. Бұл іс-шараны Қазақстандағы президенттік сайлауда тәуелсіз бақылаушы ретінде Астанаға барған канадалық сенатор Виктор Оудың ұйымдастыруымен өткізілді.

А. Камалдинов өз сөзінде еліміздің бизнес жүргізу үшін неғұрлым қолайлы заңнамалық жағдайлар жасаудағы жетістіктері туралы хабардар етті, сондай-ақ Қазақстанда жұмыс істеп жатқан канадалық компаниялардың табыс тарихы туралы айтты.

«Канадалық компаниялар 2023 жылдың 5 наурызында Торонтода өтетін «Prospectors & Developers Association of Canada» халықаралық тау-кен конференциясы шеңберінде ұйымдастырылатын Қазақстан-Канада бизнес-форумына қатысуға шақырылды»,-делінген хабарламада.

27 қаңтар 2023, 09:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.