Атырау, 28 наурыз 16:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Экологтар Каспий итбалығын зерттеу үшін король грантын жеңіп алды

1 067 просмотра

Қазақстандық экологтар Каспий итбалығына зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін Сауд Арабиясындағы үздік университтердің бірінің грантын жеңіп алды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Каспий итбалықтарын зерттеу және оңалту орталығына сілтеме жасап хабарлайды.

  • «Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтының (CAIER) бастамасымен құрылған Каспий итбалықтарын зерттеу және оңалту орталығы король Абдулла атындағы ғылым-технологиялық университетінің (King Abdullah University of Science and Technology) және Руффорд қоры қайырымдылық ұйымының грантын жеңіп алды», - деп жазылған орталықтың ресми сайтындағы хабарламада.

    Грант шеңберінде мамандар Каспий теңізі жағалауындағы судың қазіргі жағдайына және итбалықтарға зерттеу жүргізеді.

    «Су сынамасы одан әрі химиялық талдау үшін CAIER аналитикалық зертханасына жіберіледі. Тиісінше, тіршілік нәрінің құрамындағы ауыр металдарға органолептикалық, цифрлық химиялық, атомдық-абсорбциялық талдаулар жүргізіледі», - деп мәлім етті орталықтан.

    Орталық Азия экологиялық зерттеулер институты 2015 жылдан бері Каспий итбалығының популяциясын зерттеумен айналысып келеді.

    Осы аралықта мұнда шетелдік ғалымдардың қатысуымен 6 экспедиция жүргізілді.

    Бұл жұмыстар Каспий итбалығының 2020 жылы Қызыл кітапқа енуіне ықпал етті.

  • 26 қаңтар 2023, 16:45

    Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

    Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.