Атырау, 25 қараша 14:40
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Аудан жаңалықтары

1 580 просмотра

Қоныс құтты болсын!

Доссор поселкесінде үш қабатты 300 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді. Оның құрылысы 2011 жылдың сәуірінде басталған болатын.

Республикалық бюджеттен бұған 608 млн 709 мың теңге бөлінген.

- Оқушылар мен мұғалімдер жаңа мектепке үшінші тоқсаннан бастап кірді. Бұл барлық қажетті жабдықтармен толыққан заманауи мектеп, -дейді Мақат ауданы әкімінің орынбасары Полымбет ХАСАНОВ.

***

 

Қызыл су келеді

Жылыой ауданындағы Жем өзені негізінен Ақтөбенің Мұғалжар тауынан келетін қар және бұлақ суымен толығады.

- Күні бүгінде қызыл су келе бастады. Сәуір айының ортасынан бастап ол қарқын ала бастайды. Былтыр келген өр суы арқылы Қамыскөл көлін үш рет жаңартып алудың мүмкіндігі болды. Бұл жолы да сол мүмкіндікті пайдаланып қалмақпыз, - дейді Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Нұрадин ӨМІРБАЕВ.

***

 

Жұмыстан сырттай шығарылды

Қазақстандық азамат У. А. шетелдік компаниядан заңсызжұмыстан босатылған.

Наурыз айының басында Теңіз кенішіндегі «Каспий Проджектс Казахстан» Қазақстан-Канада біріккен кәсіпорны» ЖШС тазалықшы У.А.-ны «өз еркімен» жұмыстан босатқаны жөнінде бұйрық шығарған. Ал тазалықшының өзі өз еркімен жұмыстан кету жөнінде арыз жазбаған болып шықты.

- Бұл іске прокуратура араласып У.А. өз жұмысына қайта алынып, жұмыста болмаған күндерінің ақшасы өндіріліп алынды,- деп хабарлайды Жылыой ауданы прокурорының көмекшісі Аманжол ҚАБДОЛОВ.

***

 

Апатты үйлер көбейді

Құлсары қаласының әкімі Шәкір КЕЙКИН апатты үйлерсанатына 2-ші ықшам аудандағы 8 пәтерлік №87 үйдің қосылғанын хабардар етті.

Үйден өрт шығып, ол дер кезінде сөндірілгенімен, кей пәтерлер қайта қалпына келтіруге жарамсыз болып қалған. Құлсары әкімдігі үйлерді бұзу керек деп шешті.

Қазір қалада апатты үйлер саны 60-қа жеткен. Биыл қаладан жаңа үйлер құрылысы жоспарланып отыр.  

***

 

Желдің көмегімен келеді

Индер ауданындағы «Тоқпай» қыстағының тұрғындары жуырда интернетке қол жеткізді.  

Кезінде есімі елге танылғанжылқышы Насер МҰХАНБЕТОВТЫҢ ұлы Болат әкесінің ісін алға бастырып қана қоймай, қыстақтағы өмірді өркениет көшіне ілестіруге талпынып жүр. Бүгінде ол жарыққа жел диірмені арқылы қол жеткізіп отыр.

- Желді күні жел диірменінің батареясы көп қуат алып, кейін оны молынан пайдаланып алуға мүмкіндік бар. Соның арқасында қазір теледидарымды уақтылы көріп отырмын. Тіпті интернетті қосып ала аламын! Тек, ол үшін модем сатып алып, қырда отырып-ақ, елде, әлемде болып жатқан соңғы жаңалықтарға қанық боламын, -дейді Болат.  

***

 

Шегірткемен күрес

Қызылқоға ауданында шегірткемен күрес шаралары қолға алына бастады.  Қазірдің өзінде Бүйрек пен Тайсойған құмдарында шегірткелердің көрінуі шаруа иелерін алаңдатып отыр.

- Бізде биыл шегірткенің келуі үш есеге дейін көбейеді деген болжам бар. Мұны біз ғылыми тұрғыдағы зерттеуге сүйеніп айтып отырмыз. Шегірткелер араға 12-13 жыл салып көбейіп отыратын жәндік. Есептеуімізше, биыл жерімізді шегірткелер қаптағанына сонша жыл толмақ, - дейді Қызылқоға аудандық аумақтық инспекциясының бастығы Жолдас ЫБЫРАШ.

Аудан бойынша итальяндық прус пен азия шегірткесіне қарсы 27 700 гектар, саяқ шегірткеге қарсы 1 100 гектар жерге химиялық өңдеу жүргізілмекші.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

4 сәуір 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.