Атырау, 25 сәуір 22:40
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

АҚШ президенті Украинаға америкалық танкілер беретінін мәлімдеді

1 094 просмотра

АҚШ Украина армиясына Америкада өндірілген М1 "Абрамс" сериялы танкілердің 31 данасын береді. Оларды жеткізу бірнеше айға созылуы мүмкін. АҚШ президенті Джо Байден 25 қаңтарда осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Байден сәрсенбі күні таңертең Германия, Ұлыбритания, Франция және Италия басшыларымен сөйлескенін жеткізді. Олар Украинаға көмек қолын соза беретінін, қосымша көмек ретінде ауыр техникалар да берілуге тиіс екенін, соғыс ұзаққа созылып бара жатқанын айтқан.

АҚШ сонымен бірге украин әскеріне НАТО елдері беретін танкілерді қолдануды үйрететінін мәлімдеді.

Байден "Леопард" танкілерін жіберуге рұқсат бергені үшін Германияға алғысын айтты. Байденнің сөзінше, Украина 50 шақты "Леопард" танкісін алады.

АҚШ президенті НАТО елдерінің күш жұмсауы Ресейге қауіп төндірмейді, олардың мақсаты тек Ресейдің Украинаға агрессиясын тоқтату деді.

Германия сәрсенбі күні Украинаға 14 "Леопард-2" танкісін беретінін мәлімдеп, өзге елдердің немістер өндірген танкілерді реэкспорт жасауына рұқсат берді. Осының алдында Польша, Нидерланд және Испания елдері қорында тұрған "Леопард" танкілерін Украинаға беруге дайын екенін, ол үшін Германияның рұқсаты қажет екенін жеткізген.

26 қаңтар 2023, 14:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.