Атырау, 22 желтоқсан 05:28
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

1 174 рет қаралды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Жиында Қарулы Күштерді одан әрі дамыту және әскери қызметшілерді әлеуметтік тұрғыда қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар, Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов пен бірқатар өкілетті мемлекеттік орган жетекшілері баяндама жасады.

Қауіпсіздік Кеңесі отырысының қорытындысы бойынша әскердің материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға, оны кадрлармен қамтамасыз етуге және әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталған шешімдер қабылданды.

25 қаңтар 2023, 19:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.