Атырау, 24 наурыз 14:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 462.36
€ 493.48
₽ 5.99

Жамбыл облысында дәрігерлер жаңа туған сәбиді сатып жіберген

965 просмотра

Жамбыл облысында  дәрігерлер жаңа туған сәбиді сатып жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2023 жылғы 12 қаңтарда Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері Тараз қаласы прокуратурасымен бірлесіп жүргізген арнайы іс-шара барысында жаңа туған баланы сату дерегін анықтады.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 135-бабы 1-бөлігімен (Кәмелетке толмағандар саудасы) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жамбыл облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Тараз қалалық көпбейінді ауруханасының екі акушерін анықтап, ұстады.

Тергеу шаралары барысында жаңа туған қызды акушер мамандар 39 жастағы Тараз тұрғынына 1,5 млн теңгеге сатып жібергені белгілі болды. ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес аталған әйелдер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ал баланы сатып алушыға қатысты қолхатпен босату түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Нәресте Тараз қаласының сәбилер үйіне орналастырылды. Тергеу жалғасып жатыр.

25 қаңтар, 15:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.