Атырау, 24 наурыз 13:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 462.36
€ 493.48
₽ 5.99

Жол жұмысшыларының жалақысы 30%-ға өсті

858 просмотра

2023 жылдың қаңтарынан бастап жол жұмысшыларының жалақысы 30%-ке өсті, деп хабарлады Sputnik "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясына сілтеме жасап.

Еңбекақысы ұлғайған қызметкерлердің қатарында республикалық маңызы бар тасжолдарды тәулік бойы күтіп-ұстаумен айналысатын желілік және негізгі өндірістік персонал қызметкерлері, қосалқы өндіріс қызметкерлері бар.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторының хабарлауынша, қыс мезгілі басталғалы жол қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды.

"Жол жұмысшылары күндіз-түні қыс мезгілінде жолдарды күтіп-ұстау бойынша жұмыстар атқарып, сондай-ақ, жолда қиын жағдайға тап болған жолаушыларға көмек көрсету жұмыстарын да жалғастырып жатыр", - деп жазылған хабарламада. 

Айта кетері, қаңтар айында республикалық маңызы бар жолдарға көктайғаққа қарсы 17 мың текше метр құм-тұз қоспасы себілді.

25 қаңтар, 13:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.