Атырау, 2 қазан 23:26
 ашықВ Атырау +17
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Арыстанбек Мұхамедиұлы ісі: ҚР Ұлттық музейі директорының бұрынғы орынбасары ұсталды

784 просмотра

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Ұлттық музейінің директоры А.Мұхамедиұлына (ҚР Мәдениет және спорт экс-министрі) және басқа да адамдарға қатысты бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау фактілері бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.                            

Агенттік таратқан ақпаратқа сүйенсек, жүргізіліп жатқан тергеу аясында А. Мұхамедиұлымен және басқалармен сөз байласып, "Әлем мұражайлары бойынша Алтын адамның шеруі" халықаралық көрмесінің жобасын іске асыру кезінде 221 миллион теңге сомасында сеніп тапсырылған бюджет қаражатын ұрлауға қатысқан "ҚР Ұлттық мұражайы" РМҚК директорының бұрынғы орынбасары Алмас Нұразхан ұсталды.

"Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының санкциясымен А.Ш. Нұразхан 2 ай мерзімге қамауға алынды".Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі

Қазір тергеу жүріп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

24 қаңтар 2023, 10:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.