Атырау, 20 сәуір 11:22
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«Чаплин» ұсынады

1 816 просмотра

«Атырау» сауда ойын-сауық орталығында таяуда жабылып қалған «Kinoplexx» кинотеатрының орнына «Chaplin Cinemas» кинотеатрлар желісінің жаңа нүктесі ашылды. Бұрынғыша таспа форматындағы фильмдер көрсетілетін болады.

Кинотеатр басқарушысы Аяжан КӨЖЕКОВАНЫҢ айтуынша, әзірге кинотеатр сынақ режимінде жұмыс істеуде, бірақ сандық форматтағы құрылғылар жолда келе жатқан көрінеді. Алдағы уақытта залдарды, холл мен барды біртіндеп жаңарту жоспарланған. Өкінішке орай, ІМАХ форматы болмайды. Өйткені, осыншама қымбат технологияның қолданылуы бағаға әжептәуір ықпал етпек. Аяжан Көжекованың пікірінше, билет құнын әлденеше рет көтеруге тура келер еді. Ал көрермен бұған дайын емес.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

4 сәуір 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.