Атырау, 2 қазан 23:19
 ашықВ Атырау +17
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Боранбаевтың адвокаты сотта Бекмамбетовтен жауап алуды сұрады

1 178 просмотра

Адвокат Данияр Қанафин Қайрат Боранбаевтың ісі бойынша сотта режиссер Тимур Бекмамбетовтен жауап алуды сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгінгі сот отырысына Ресей азаматы Тимур Бекмамбетов келді.

"Ол осы іс бойынша куәгер ретінде қатысуға және Боранбаев Қайрат Советайұлының жеке басын сипаттайтын мән-жайлар бойынша куәлік етуге дайын", – деді адвокат Данияр Қанафин.

Осыған орай адвокат режиссерден заңнамада белгіленген тәртіппен жауап алуға мүмкіндік беруді сұрады.

23 қаңтар күні сот Боранбаевтың ісі бойынша куәгерлердің айғағын БАҚ-қа жариялауға тыйым салғаны белгілі болды.

30 желтоқсанда Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 сотында Боранбаев, Наханов және Жанұзақтың ісі бойынша сот отырысы басталды. Сотталушыларға ақша жымқырды және ақшаны жылыстатты деген айып тағылып отыр.

23 қаңтар 2023, 14:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.