Атырау, 11 желтоқсан 21:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Жаңа екі мыңдық

5 517 просмотра

29 наурызда Қазақстанның Ұлттық банкі 2000 теңгелік номиналдағы жаңа купюраны айналысқа шығарды.

Жаңа банкноттың дизайны «Самұрық» сериясымен шыққан. Бұрын оның шеңберінде 10000 және 5000 теңгелік банкноттар шығарылған болатын.

- Жаңа ақшаның көлемі ескі екі мың теңгенің көлеміндей – 139х73 мм, - дейді ҚР ҰБ Атырау филиалының қолма қол ақшамен және кассалық операциялармен жұмыс бөлімінің бас экономисі Әйгерім БИСЕНҒАЛИЕВА. – Бірақ олар реңімен және безендірілуімен ерекшеленеді. Купюраның бет жағында Астанада орнатылған «Қазақ Елi» монументі, сонымен қатар кептер және құбылатын түстермен (бұл жалған ақшадан қорғау үшін қолданылады) киіктің бейнесі салынған. Купюраны көлбеу ұстағанда осы бояумен орындалған суреттер түсін өзгертеді.

Келесі жағында Қазақстан картасының сұлбасы салынған. Оның ішінде Ертіс өзені ағып жатыр. Купюраның оң жақ бөлігінде номинал бейнесімен стильдендірілген киіз үй және мемлекеттік тудың бейнелері бар ені 13 мм голографиялық жолақ орналасқан.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

4 сәуір 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.