Атырау, 2 қазан 23:19
 ашықВ Атырау +17
$ 480.11
€ 532.25
₽ 5.14

Алматыда алғашқы шетелдік көлік заңдастырылды

963 просмотра

Шетелдік көлікті заңдастыру науқаны аясындағы алғашқы көлік Алматыда тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Полиция департаментінің мәліметінше, бүгін Алматы тұрғыны, 39 жастағы Сейілбек Олжабеков Алматыға 2019 жылы Армениядан әкелінген көлігін тіркеді.

«Мен – көп балалы әкемін, осы көліктің арқасында күн көремін, жеке жолаушылар тасымалымен айналысамын. Мемлекет берген осындай бірегей мүмкіндікті пайдаландым. Бұл шынымен де халықты қолдау. Біз өте ризамыз. Ақыры көлігімді заңдастыра алдым», – дейді, Сейілбек Олжабеков.

Еске салайық, бүгін, яғни, 23 қаңтар Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру науқаны басталды.

Кез келген көлік иесі бұл науқанды пайдалана алады және заңдастыруға өтініш бере алады.

23 қаңтар 2023, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.