Атырау, 22 желтоқсан 03:38
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Түркиядан Қазақстанға жалған доллар әкелген қылмыстық топ ұсталды

1 368 рет қаралды

Қаржы мониторингі агенттігінің Қостанай облысындағы департаменті республика аумағына АҚШ долларындағы жоғары сапалы жалған шетел валютасын кіргізіп, таратқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Sputnik.

"Жедел іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізу барысында Түркия Республикасының астанасынан елімізге жалған шетел валютасын жеткізудің барлық тізбегі анықталды", - делінген хабарламада.
Тергеу соты Қазақстан Республикасының 3 азаматына қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.
Елімізге әкелінген 30 000 жалған АҚШ долларының 28 600-і сотқа дейінгі тергеу барысында анықталып, тәркіленді.
Түркия Республикасының құқық қорғау органдары жалған валюта жеткізудің қылмыстық арналарының жолын кесу бойынша бірлескен жұмыс жүргізуге жұмылдырылған.
20 қаңтар 2023, 23:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.